13:00, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Байқоңырда «Союз ТМА-12М» кемесін ұшыруға дайындап жатыр
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз ТМА-12 М» транспорттық басқарылатын кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшыруға дайындаудың қорытынды кезеңі басталды.
Ресей ғарышы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Союз-ФГ» ЗТ техникалық кешенінде «Союз ТМА-12М» транспорттық басқарылатын кемесін зерттеу қорытындылары бойынша зымыранды ұшыру кешеніне шығару туралы шешім қабылданды.
Бүгін таңертең ол №1 алаңның бастапқы ұшыру кешеніне жеткізілді.
Қазіргі уақытта «Союз-ФГ» зымыран тасығышын «Союз ТМА-12М» транспорттық басқарылатын кемесімен бастапқы позицияға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін ұшырар алдындағы қорытынды зерттеулер басталады.
«Союз ТМА-12М» транспорттық басқарылатын кемесінің ХҒС-тың кезекті эскпедициясымен іске қосылуы 26 наурыз күні Астана уақытымен сағат 03:17-ге белгіленген.