Байқоңырда «Союз ТМА-17М» кемесінің экипажы ХҒС-ға ұшуға дайындалуда (ФОТО)

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңырда Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экспедицияны ұшырту алдындағы дайындық жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр, деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі.
None
None

Кеше ғарыш айлағының жинақтау-сынау корпусында 254 алаңында құрамында ресейлік ғарышкер Олег Кононенко, жапониялық астронавт Кимии Юи мен НАСА астронавты Челл Линдгрен, сонымен қатар олардың дублёрлері Юрий Маленченко, Тимоти Копра мен Тимоти Пик бар «Союз ТМА-17М» экипаж құрамы ғарыш кемесінде екінші жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Жаттығудан кейін экипаж ғарыш айлағының 112 алаңына барып, «Союз-ФГ» зымыран-тасығышын тексерді. Ол ғарыш кемесін орбитаға шығармақ.

Байқоңыр аумағындағы шамамен 50 градус ыстыққа қарамастан экипаж мүшелері ағаш отырғызу рәсімін өткізді. Ғарышкерлер Аллеясында жапониялық Кимия Юи мен америкалық Челл Линдгрен көшеттерін отырғызды.

Бортында халықаралық экипажы бар «Союз ТМА-17М»-ді 2015 жылы 23 шілдеде Астана уақытымен сағат 03:02 ғарышқа ұшыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар