13:10, 10 Сәуір 2012 | GMT +5
Байқоңырда студенттердің көктемгі фестивалі мәреге жетті
ҚЫЗЫЛОРДА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында «Студент көктемі» ашық фестивалі мәреге жетті.

Биыл тоғызыншы мәрте өткізілген оқушы жастардың көркемөнерпаздық шығармашылығы акциясы зор өрлеу үстінде өтті.
Бұл мәдени-бұқаралық іс-шарасы Байқоңыр және Қызылорда қалалары шығармашылық ұжымдарына өз әлеуеттерін көрсетіп, екі қала арасындағы мәдени байланысты нығайта түсуге жақсы мүмкіндіктер ұсынады. Фестиваль сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жас азаматтарын достық және өзара сыйластық рухында тәрбиелеп, екі қаланың студенттік ұжымдарының шығармашылық байланыстарын нығайтуға жол ашады.
Фестиваль өз лауреаттарын да анықтады. Ондағы аталымдар бойынша Толқын Есқалиева, Ғалымжан Ұлықпан және Олжас Дүйсенбайұлы бірінші орынға лайықты деп табылды.