Байқоңырда V облыстық халықтық спорт ойындары басталады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 1-3 маусым аралығында Байқоңыр қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін V облыстық халықтық спорт ойындары басталады. Жарысқа облыстың барлық 7 ауданы мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан 1000-ға жуық спортшы қатысады. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Сайыс спорттың 9 түрінен - волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, президенттік көпсайыс және асық ату бойынша өткізіледі. Осы ойындардан жеңіске жеткен спортшылар үстіміздегі жылғы 10-14 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында болатын республикалық халықтық спорт ойындарына қатысады.

Айта кетейік, төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын бұл сайыс 1998 жылы Астана қаласында алғаш рет жалауын көтерген еді.

Спорт ойындарының салтанатты ашылуы 1 маусым күні сағат 15.00-де «Десятилетие» стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар