Байқоңырда жаңа журнал жарық көрді

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Байқоңыр қаласында әдеби-мәдени, тарихи-танымдық "Байқоңыр" журналының алғашқы нөмірі жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Басылымның меншік иесі - республикалық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің қалалық бөлімшесі. Редакторы ? осы бөлімше төрағасы Серік Шағатаев. Мәдениет және ақпарат министрлігінен өткен жылдың аяғында тіркеуден өтіп, көпшілік көзайымына айналып отырған журнал түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Жалпы көлемі ? 32 бет. Тиражы әзірге 1000 дана.
Соңғы жаңалықтар