Байқоңырдан америкалық байланыс серігі бар «Протон-М» зымыраны ұшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан америкалық Intelsat DLA-2 телекоммуникациялық серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшты, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне «Роскосмостың» өкілі.

Ұшыру резервтік датада жүзеге асырылды - бұған дейін ұшыру сәрсенбіге жоспарланған еді, бірақ ұшыру алаңының жердегі электр жабдықтарының проблемалары салдарынан басқа күнге ауыстырылды.

«Протонды» ұшыру есептік уақыт - жергілікті уақытпен сағат 10:10-да өтті», - деді агенттіктің әңгімелесушісі.

Ғарыш аппаратын Intelsat (АҚШ) спутниктік байланыс операторының тапсырмасымен «Space Systems Loral» (АҚШ) компаниясы дайындады. Салмағы алты тоннадан асатын серіктің С-диапазонындағы 10 оқпаны және Ku-диапазонындағы 72 транспондері бар.

Серіктің геостационарлық орбитаға батыс бойлықтың 95 градус нүктесіне шығарылатыны күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар