10:17, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансысына кезекті ғарыш экспедициясы аттанды
nbsp;БАЙҚОҢЫР. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - Бүгін Астана уақытымен 3 сағат 35 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ресей-американдық экипаждан тұратын,

борт құрамында командир Федор Юрчихин, борт инженерлер Шеннон Уокер мен Даглас Уилок бар «Союз ТМА-19» экипаж кемесі сәтті ұшырылды.
Ғарыш айлағының жедел қызметі хабарлағандай, ұшырылу штат кестесімен болды, ТПК «Союз ТМА-19» зымыранының үшінші сатысы ажыратылған соң орбитаға Жердің жасанды серігі бөлінген.
Ресей-америка экипажы орбитада ұзақ жүреді, олардың Халықаралық ғарыш стансысына жасаған сапарлары 165 күне созылмақ.
«Союз ТМА-19» кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен ұшырылғаннан соң екі күннен кейін, маусымның 18-де Астана уақытымен 4 сағат 25 минутта түйісуі керек.