13:14, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
«Байқоңырдан» өткен тәулікте екі зымыран ұшырылды
БАЙҚОҢЫР. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағы жаңа жұмыс жылын екі ұшу сапарымен бастады - өткен тәулікте екі зымырантасымалдағыш ұшырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақпанның 10-ы күні Астана уақыты бойынша сағат 11.49-да «Байқоңыр» ғарыш айлағының №31 алаңынан «Прогресс М-66» зымырантасымалдағышы ұшырылды. Ол Халықаралық ғарыш стансысына жүк жеткізеді. Ғарыш кемесі стансымен ақпанның 13-і күні түйіседі. Ал бүгін Астана уақыты бойынша сағат 06.03-те №200 алаңнан ресейлік «Экспресс АМ-44» және «Экспресс-МД1» байланыс жерсеріктерімен «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды.