Байқоңырдан «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды

А. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағының 81-ші алаңындағы 24-ші қондырғыдан мәскеу уақыты бойынша сағат 00.20-да ГЛОНАСС-М үш ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Зымырантасымалдағышты ұшыру сапары штаттық режімде өтті. ГЛОНАСС-М осы аттас ресейлік жаһандық навигациялық жерсеріктер жүйесін түрлендіруге және олардың қатарын толықтыруға арналған. ГЛОНАСС-М сериясының алғашқы жерсерігі ғарышқа 2003 жылы шығарылған болатын.

Соңғы жаңалықтар