Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Жұма күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «Канопус-В-ИК» Жерді қашықтан зондылау аппараты мен 7 шағын серігі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлады «Роскосмос» өкілі журналистерге.
None
None

«Ұшырылым белгіленген уақытта өтті», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация өкілі.

Серіктері бар басты блок пен «Фрегат» үдеткіш блогы зымыраннан Астана уақытымен 11.46-да бөлінуі тиіс.

Одан кейін орбитаны өзгерту бойынша үш операция жүзеге асырылып, 72 шағын аппарат үш «пакетпен» жіберілетін болады. Үдеткіш блоктың орбитадан шығуы Астана уақытымен 19.46-ға жоспарланған.  

«Канопус-В-ИК» серігі техногенді және табиғи төтенше жағдайларды, сонымен қатар орман өрттері мен залалды заттардың атмосфераға ірі көлемде шығарылуын бақылауға арналған.  

Соңғы жаңалықтар