Байқоңырдан «Союз МС-02» басқарылатын кеме ұшырылды

БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ. ҚазАқпарат - 19 қазанда 14 сағат 05 минут, 14 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңынан «Союз МС-02» көліктік басқару кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Халықаралық ғарыш стансасына құрамында ұзақ уақытқа бағытталған экспедиция мүшелері: кеме командирі, ресейлік ғарышкер Сергей Рыжиков, №1 бортинженер, "Роскосмос" ғарышкері Андрей Борисенко, №3 бортинженер, америкалық астронавт Шейн Кимброу бар 49/50 экипажы аттанды.

Ғарыш айлағының техникалық қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым штаттық режімде өтті. 529 секундта «Союз МС-02» кемесі бөлініп, кеме жер төңірегіндегі орбитаға шығарылды.

null  

«Союз-ФГ» зымыран тасығыштың бөлінген бөлімдерінің барлық үш сатысы тағайындалған аудандар Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай өлкесіне құлады.

null  

Ұшырылымның циклограммасына сәйкес «Союз МС-0» кемесінің ХҒС-пен түйісуі екі тәуліктік жүйемен жоспарланған және ол 21 қазанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 13-те жүзеге асады. 

null

 

Соңғы жаңалықтар