«Байқоңырдан» «Союз ТМА-09М» басқарылатын көлік кемесі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін 29 мамыр күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 02.31-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №1 алаңынан бортында халықаралық экипажы бар «Союз ТМА-09М» басқарылатын көлік кемесі ұшырылды.
None
None

Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік ғарышкер Федор Юрчихиннен, америкалық астронавт Карен Найбергтен және Еуропалық ғарыш агенттінің ғарышкері, итальяндық Луки Пармитанодан құрылған кезекті экспедиция (ХҒС) аттанды.

Роскосмостың баспасөз қызметі кеменің ұшырылуына бірнеше сағат қалғанда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тікелей көрсетілімді бастады. Кез келген адам аталмыш халықаралық экипаждың кемеге отыру сәтіне куә бола алды. Ғарышкерлердің ресейлік орталығының басшысы Сергей Крикалев старттық кешенде тұрып, Роскосмостың телестудиясына берген сұхбатында Юрчихиннің экипажының ұшу бағдарламасы туралы айтып берді. «Союз ТМА-09М» кемесінің алдында Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) жақындау және түйісу бағдарламасын орындау міндеті тұр. Кеме ұшырылған сәттен бастап алты сағаттан кейін ХҒС-мен тоғысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар