13:14, 24 Қаңтар 2013 | GMT +5
Байқоңырдың ғарыш бағдарламасы биыл «Союз -2.1 а» зымыран- тасымалдағышын ұшырумен басталады
БАЙҚОҢЫР. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - 1 айдан астам уақытқа созылған жаңажылдық демалыстан кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағы 2013 жылдың бірінші ұшырылымына дайындалуда.

Ресейғарыштың баспасөз қызметінен хабарланғандай, ғарыш айлағында Globalstar-2 («Глобалстар-2») төменорбитальді байланыстың алты ғарыш аппаратымен және «Фрегат» үдеткіш блогымен «Союз-2.1а» зымыран-тасымалдағышын ұшыруға дайындық жасалуда. Оның ұшырылуы 2013 жылдың бесінші ақпанына белгіленген.
ҚР Үкіметінің қаулысымен 2012 жылдың 28 желтоқсанынан 2013 жылға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын және сынау зымырандарын ұшыру жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы қазақстандық ғарыш айлағынан 37 ұшыруды іске асыру жоспарлануда.