21:08, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
Байқоңырдың тұрғыны жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауыл әкімінің аппаратына жұмысқа орналасты
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласының 32 жастағы тұрғыны Нұрсауле Әбжалы 2007 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша агротехникалық институтты тәмамдады.

Ол 2007 жылдан 2010 жылға дейін экономика және бюджеттік жоспарлаудың аудандық бөлімінде іс жүргізуші болып қызмет атқарды. 2011 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысу үшін ол ауданның жұмыспен қамту орталығына келген. Нұрсауле «1С бухгалтерия» мамандығы бойынша бағдарламаның бірінші бағытымен Қызылорда облысы бойынша бюджет саласының және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың аймақтық орталығына біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сертификатқа ие болып, Нұрсауле тұрақты жұмыс орнына - Төретам кенті әкімінің аппаратына салық жинаушы маман болып орналасты, жалақысы 42 мың теңге.