18:48, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Байқоңырдың» ұшыру кешеніне «Прогресс М-07М» жүк кемесі орнатылды
АЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/- Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағының ұшыру кешеніне «Прогресс М-07М» жүк кемесі орнатылған «Союз-У» зымырантасымалдағышы шығарылды, деп хабарлады «Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Прогресс М-07М» жүк кемесі ғарыш айлағының теміржолымен құрастыру-сынақ корпусынан №31 алаңның ұшыру кешеніне жеткізілді. Зымырантасымалдағыш ұшыру жүйесіне орнатылғаннан кейін, «Ресейғарыш» мамандары «бірінші ұшыру күнінің» кестесі бойынша жұмысқа кірісті.
«Прогресс М-07М» жүк кемесі орнатылған «Союз-У» зымырантасымалдағышы қыркүйектің 8-інде Астана уақыты бойынша сағат 17.11-де ұшырылады. Кезекті жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына экипаждың тіршілігі мен стансаның жұмысына қажетті жүктерді жеткізеді.