14:53, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Байқоңырдың жасыл желегі көбейіп келеді
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Байқоңыр қаласының орталық саябағы мен басқа да алаңқайларына 1200 түп тал мен түрлі гүлдер егілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірді көгалдандыру және тазалық жұмыстарымен негізінен "Спецзеленстрой" басқармасы айналысады. Бұл мақсатқа Ресейлік атқару билігі тарапынан жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отырады.
Салалық ұжым басшысы Адай Үйрековтің айтуынша, жергілікті көшет бағында өсірілген экологиялық аймақ табиғатына ыңғайлы әрі топырағы тез бейімделгіш сәмбітал, шегіршін, қарағай, үйеңкі, оңтүстік өңірлерле өсетін сумақ, діңі қатты шетен талдары мен бақ өсімдігінің бір түрі саналатын петунья, раушан, сәнді цинния және барқат гүлдері отырғызылуда.