Байқоңырға «Интелсат-16» ғарыш аппараты жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағына «Полет» әуекомпаниясының АН-124 «Руслан» жүк ұшағымен «Интелсат-16» ғарыш аппараты жеткізілді,
None
None

деп хабарлады Ресейдің М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметінен.

«Интелсат-16» ғарыш аппаратын Intelsat жерсерік байланысы халықаралық операторының тапсырмасы бойынша американдық Orbital Sciences Corporation компаниясы жасап отыр.

Ғылыми-өндірістік орталықтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Интелсат-16» аппаратын ұшыруға арналған «Протон-М» зымырантасымалдағышының сапары ақпан айына белгіленген.

Соңғы жаңалықтар