13:38, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
Байланыс операторларының тариф қызметін біржақты өзгертуге тыйым салынбақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс қызметтерін көрсетуге ұсыныстар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.
«Агенттікке ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемін біржақты өсіру бойынша өтініштер түсті. Материалдарды талдаудан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарда абоненттер талап етпесе де қызметтер көлеміне шамалы өзгерістер енгізетіні анықталды. Сонан соң бір мезгілде тарифтік жоспардың құны артады. Осыған орай Агенттік ұялы байланыс операторларының тариф талаптарын өзгертуге тыйым салуы туралы ұсынысты жолдады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Агенттіктің ұсыныстарын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қарап жатыр.