Байланыс операторы дәстүрлі «Майдандастарға қоңырау шалу» акциясын бастады

Бұл шараны «КаР-Тел» ЖШС-і биыл «7 игілікті іс» әлеуметтік бастамалар сериясы аясында жүзеге асыруда.
«Майдандас досқа қоңырау шалу» іс-шарасы еліміздің ірі қалаларының Сату және қызмет көрсету кеңселерінде де, 9 мамырда мерекелік іс шаралар өтетін орындарда да сағат 10.00 мен 13.00 аралығында өтеді. Егер ардагерлердің туыстары алдын ала жауынгер жолдастарының, туыстары мен жақындарының телефон нөмерлерін жазып алуға көмектесіп жатса, қуаныштымыз», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Анар Жұмагұлова. Оның айтуынша, жыл сайын өтетін жалпықазақстандық бұл акция биыл Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Қызылжар, Семей, Тараз, Шымкент қалаларын қамтымақ.