Байланыс операторы жел мен күн қуатын пайдалана бастады

АЛМАТЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - «КаР-Тел» ЖШС Қызылорда облысындағы Қызылорда-Құмкөл тас жолынан 100 шақырым қашықтықта жел және күн энергиясынан қуат алатын,
None
None

қашықтан басқарылатын алғашқы базалық стансаны іске қосты. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнда күн мен желдің қуаты қатар пайдаланылады. Олардан өндірілген қуат көзі базалық стансаның жұмыс істеуіне және аккумуляторлық батареялардың қуатталуын қамтамасыз етуге жеткілікті. Батареялар қуаты күн бұлттанып, жел жылдамдығы азайғанда пайдаланылатын болады. Ал мұндай жағдай ұзаққа созылып, аккумулятор батереясының қуаты таусылғанда станса дизельді генераторлық қондырғының күшімен жұмыс істейді.

«КаР-Тел» ЖШС-нің техникалық директоры Олег Снимщиковтың айтуынша, бұл олардың Қазақстандағы алғашқы тәжірибесі. Оның мақсаты - электр желісіне қосылмаған базалық стансаны баламалы қуат көзімен қамтамасыз етіп, Қызылорда-Құмкөл тас жолын байланыс желісімен үздіксіз қамтамасыз ету.

Соңғы жаңалықтар