«Бәйтерек» басшысы: «Bereke Bank»-тің шығынын мемлекет өтемейді

«Береке банктің» сатылатыны туралы ақпараттар айтылып жүр? Әлі сатудан үміттеріңіз бар ма? Ал оның 300 млрд теңге шығынын кім өтейді?», - деп сұрады БАҚ өкілі «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасынан.
«Біз үміттеніп отырған жоқпыз. Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Кіммен екені, өкінішке қарай, коммерциялық ақпарат. Оны ашып айта алмаймын», - деді ол.
Айтуынша, банктің мойнындағы ескі шығындары бұрынғы акционердің мойнында.
Мемлекет банктің ешқандай шығынын өтемейді. Банк сатылғанға дейін келген шығындардың бізге қатысы жоқ. Бұл – банктің бұған дейінгі акционері өзіне қабылдап алған шығындар. Яғни, 1 қыркүйекке дейін болған дүниенің бәрінің бізге тікелей қатысы жоқ. Бүкіл шығындар бізге емес, бұған дейінгі акционерінің мойнында қалды», - деді Қанат Шарлапаев ҚР Президент ұлықтау рәсімінің алдында берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.