«Бәйтерек» мемлекеттік меншікті Bereke Ваnк-те сақтауға қатысты түсініктеме берді

«Бәйтерек» ұлттық холдингі мемлекеттік меншіктерді сақтауға қатысты тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

банк
Фото: Bereke Bank

Бұған дейін БАҚ беттерінде қаржы институтының табысы бойынша тұрақты өсім көрсете бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Осы орайда пайдалы активті сақтау туралы мәселе туындады.

«Бәйтерек» холдингінің хабарлауынша, банктің 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза пайдасы 13,6 млрд теңге. Банк капиталының жеткіліктілік коэффициенті биыл 1 қаңтарда 9,4%-дан 1 шілдеде 11,2%-ға өсті.

2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша холдингтің таза пайдасы 233,4 млрд теңге. Өткен жылы бұл сома 380,6 млрд теңге болды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 5 есе және 2021 жылдан 3 есе көп.

Қазір холдинг әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр, мәміле сомасы анықталмаған.

Сондай-ақ «Бәйтерек» АҚ-тан әлеуетті инвесторлармен ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалғанын айтты. Сондықтан холдингтің келіссөздер барысы мен мәміле шарттары туралы деректерді ұсынуға құқығы жоқ.

«Bereke Ваnк» холдинг үшін сатып алу стратегиясы емес. Банкті сатып алуда таяудағы міндеттер, инвестициялық тартымдылықты сақтау және арттыру мақсаты болды. Қазір банк активтердің жоғары сапасына ие және холдинг инвесторды табу бойынша шаралар қабылдауда. Банктің холдингтің компаниялар тобының құрамында қалуы қазіргі уақытта қаралып жатқан жоқ», - делінген «Бейтерек» холдингінің ҚазАқпарат агенттігі жолдаған ресми сауалға берілген жауапта.

Еске сала кетсек, бір жыл бұрын «Сбербанк» пен «Бәйтерек» ұлттық холдингі арасында сатып алу-сату мәмілесі жасалды, кейін банк атауы «Bereke Bank» деп өзгертілді. Наурызда холдингтің банкті сату ниеті туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар