«Бәйтерек» монументінің жанында мыңнан астам адамның қатысуымен «Рухани жаңғыру» акциясы басталды
«Білім» - «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық салт-дәстүр, Қазақстан және туған өлке тарихы жайлы викториналық сұрақтар түрінде өтеді.
«Асар» - зейнеткерлерге, жалғызбасты адамдарға және басқа да мұқтаж жандарға көмек. Мәселен, жастар ауыр үй жұмыстарын жасау арқылы егде жастағы адамдарға көмектеседі. Сонымен қатар, балалар үйі мен аулалардағы балалар алаңдары және басқаларына жөндеу жұмыстарын жасау сынды қайырымдылық әрекеттер.
«Тағзым» - киелі жерлерді тазарту және көріктендіру, ағаш отырғызу.
«Өнер» - барлық қалалар, аудан орталықтары, ауылдық округтердегі түрлі мәдениет өкілдерінің қатысуымен өтетін жастар фестивалі.
Акцияның мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау. Ұйымдастырушысы - Астана қаласы жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасы.