Байзақ ауданының тұрғындарына Бурылдағы оқиғаға байланысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жергілікті билік өкілдері мен құық қорғау орғандары, діни конфессиялар өкілдері Жамбыл облысы Байзақ ауданын Бурыл ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда Бурыл ауылында орын алған оқиға бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өкілдер тұрғындармен әңгімелесті.
None
None

«Байзақ ауданында жағдай тұрақты, барлығы бақылауда. Қайғылы оқиға орын алған күннен бастап ауданның барлық 18 округында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкімдік қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері барлық үйді аралап, әрбір отбасымен кездесуге, әңгімелесуге тырысты. Менің өзім екі ауылды аралап, әрбір үйге кіріп шықтым. Біз осылайша барлық азаматтармен толық жұмыс істейтін боламыз», - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов.

Оның айтуныша, жергілікті биліктің мақсаты аудан тұрғындарына, жастарға орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндіру. «Ешқандай да арандатушылыққа жол берілмеуі керек. Әрбір адамдарға жағдай бақылауда екенін, қорқыныш пен үрейленуге себеп жоқ екенін түсіндіріп, жеткізіп жатырмыз. Қызуқандылықпен айтаққа еріп, құқыққа қайшы әрекеттерге бармауы керек, өйткені, бұндай жасағандар ертең өздері жапа шегеді. Біз халыққа осыны түсіндіріп жатырмыз», - деді Е. Манжуов.

Оның айтуынша, жергілікті билік бұқаралық ақпарат құралдары үшін Бурыл ауылындағы ахуалды толық байқап, тұрғындармен тілдесуге жағдай жасап отыр. «Менің айтқанымнан бөлек, азаматтарымыздың өздері де не болып жатқанын көрсетсін. Өйткені, қазір әлеуметтік желілерде қасақана арандатушылар пайда болды, олар жағдайды ушықтырып жібереді. Бұнымен құқық қорғау органдары да айналысып жатыр. Бір қылмыскердің кесірінен бүкіл халыққа қара жабу, оларды қудалау бұл дұрыс емес, оған жол беруге болмайды, өйткені, бұл заңға қайшы. Біз сондықтан да, халықпен өз араларында да түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келістік», - деді әкім орынбасары.

Айта кетерлігі, Байзақ ауданында 98 мың халық тұрады. Ал оқиға орын алған Бурыл ауылында 12 мың тұрғын бар.

Еске салайық, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 ақпан күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа жетпеген А.С.Дүйсенбектің зорлық белгілері бар денесі табылды. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөліміндегі 14-тармақшасы (кәмелеттік жасқа жетпегенді әдейі өлтіру) бойынша тергеу басталды. 16 ақпанда өз кінәсін мойындаған К. есімді күдікті азамат ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

«Қылмыстың қайтыс болған баланың отбасының мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығына байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басшылығы жиын өткізіп, жиналған адамдарға тергеудің алдын ала қорытындылары туралы сенімді ақпарат берілді», - делінген хабарламада. ІІД-де елді мекендегі жағдайдың тұр.

3

Соңғы жаңалықтар