Базалық ставканы төмендетуге әлі де жағдай қалыптасқан жоқ - Д.Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Базалық ставканы төмендетуге әлі де жағдай қалыптасқан жоқ. Бұл туралы бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында ҚР Ұлтық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
None
None

«Біздің пайымымызша, базалық ставканы төмендету үшін қажетті жағдай әлі де болса қалыптаса қойған жоқ. Әлемдік нарықтағы мұнайдың тұрақтану белгілері әзірше тұрақсыз сипатқа ие. Қазақстанның жылдық инфляция деңгейі жоғары болып қалып тұр», - деді ол.

Осы ретте Д.Ақышев Ұлттық банктің ақша-несие саясатын табысты жүзеге асыру аясында жүргізілген операциялардың транспаренттілігін қамтамасыз етуге ұмтылатындығын баса айтты

«Мәселен, ҚР ҰБ валюта нарығындағы интервенция көлемін ауызша негізде ай сайын жария етуді бастады. Ал 1 сәуірден оны ресми сайтта жария ететін болады», - деді ҰБ төрағасы.

Соңғы жаңалықтар