Beeline Қазақстан OLX онлайн-жарнама платформасын сатып алды

АСТАНА. KAZINFORM – Beeline Қазақстан VEON тобына кіретін компания еліміздің ең ірі онлайн-жарнама платформасы OLX Қазақстанды 75 миллион АҚШ долларына сатып алды.

Beeline Қазақстан OLX онлайн-жарнама платформасын сатып алды
Фото: Kazinform

VEON тобының бас директоры Каан Терзиоглуның сөзінше, «OLX Қазақстанды» сатып алу цифрлық қызметтерімізді кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.

– OLX Қазақстан командасын VEON отбасына қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл келісім цифрлық оператор стратегиясын дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады, - деді Каан Терзиоглу.

OLX Қазақстан платформасына ай сайын 10 миллионнан астам белсенді қолданушы тіркеліп, 3,6 миллион хабарландыру орналастырылған. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы интернет қолданушыларының 52 пайыздан астамын қамтиды.

Beeline Қазақстанның бас директоры Евгений Настрадиннің айтуынша, OLX Қазақстан – еліміздегі ең ірі онлайн-жарнама платформасы.

– Біз оны Beeline экожүйесіне біріктіріп, тұтынушыларға кешенді және кеңейтілген цифрлық қызметтер ұсынамыз. Бұл платформа жаңа қолданушыларды тартып, нарықтағы орнымызды нығайтуға септігін тигізеді, - дейді ол. 

Биыл наурызда KCell, Tele2, Beeline компанияларының үстінен тариф көтеру туралы «сөз байласу» күдігімен тексеріс жүргізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар