Bek Air ұшақ апаты: Тергеу амалдары жақын арада аяқталады

тергеу
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Bek Air ұшақ апатына қатысты іс бойынша түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform. 

Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден Bek Air әуе апатына қатысты істің қаралу мерзімі 2027 жылы аяқталатынын және осы уақытқа дейін кінәлілерді жазаға тарту мүмкіндігі жайында сұрады.

«Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақындады. Жақын арада оны аяқтап, тапсырамыз. Атап айтқанда, халықаралық бағытта бірқатар техникалық сараптама қамтылған еді», - деді Е. Саденов.

Министр тергеу амалдары аяқталатынын және кінәлілер тиісті жазасын алатынын нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27- желтоқсаныңда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. 

«Алматы-Астана» бағытындағы ұшақ биіктікті сақтай алмай, бетон қоршауын бұзып өткен. Артынша екі қабатты тұрғын үйге соғылды, 12 адам мерт болды, 69 адам зардап шекті. Оның 51-і ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар