Бекіре тұқымдас балықтарды сақтап қалу жауапкершілігі теңіз жағалауы елдеріне қатысты - ІІМ

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарын аулауға тиым салу маңызды мәселердің бірі.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізін құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 30 отырысында ҚР СІМ Ержан Қазыханов мәлім етті.

«Каспийлік бекіре балықтарының азаюы соңғы 10 жылдықта бақылаусыз аулаудың салдары», -деді министр.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, осы балықтың тұқымының түрін сақтап қалу жауапкершілігі теңіз жағалауы елдеріне қатысты.

Осы орайда Е.Қазыханов барша елдер Каспий экожүйесін болашақ ұрпаққа тұтастай жеткізуге міндетті екенін қадап айтты.

«Осы орайда теңіз жағалауы елдерінің президенттері қойған міндет аясында Каспийдегі бекіре түрлерін аулауға моратория енгізу тетігін әзірлеу біздіңше өте қысқа мерзімде орындалуы тиіс » ,- деді министр.

Соңғы жаңалықтар