«Бекіре-2024»: 3 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. KAZINFORM - ҰҚК Шекара қызметі 1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында, оларға іргелес жатқан аумақтық суларда, Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушы ұсталып, 69 жүзу құралдары алынды.
Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам тор мен 20 мың ілмек тәркіленді.
Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді.
Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты.
Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды.
Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.