Бексұлтан Әділханов Шымкент дін істері басқармасына басшы болды
Шымкент қаласы дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Бексұлтан Ержанұлы 1994 жылы Шымкент қаласында туған.
М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің және академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің түлегі.
Мамандығы – құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Еңбек жолын 2016 жылы Шымкент әкімі аппаратына қарасты заң бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы болып бастаған.
Кейін Шымкент әкімі аппаратының заң бөлімінде бас маман, Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
Сондай-ақ, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасында қоғамдық-саяси ахуал бөлімінің басшысы болды.
2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.