Бектенов Самұрық-Қазынаның отандық өндірушілерден тауар сатып алу көрсеткішін сынады

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» компаниясының қазақстандық өндірушілерден тауар сатып алу көрсеткішін сынады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Осы бағыттағы әлеует әлі толық ашылған жоқ. Оны өздеріңіз білесіздер. Тауарлар бойынша 23 пайыз ғана. Әсіресе ірі жобалар бойынша осындай проблема бар, — деді ол.

Үкімет басшысы Энергетика министріне осы бағыттағы тапсырмаларды аяғына дейін жеткізуді тапсырды.

— Мен олармен кездескенде үнемі айтып жүрмін. Қазақстандық кәсіпорындарды тарту керек екенін, елішілік құндылықты арттыру керек екенін еске салып отырамын. Ал сіздерге оны әрі қарай бақылауға алып, аяғына дейін жеткізу керек, — деді Олжас Бектенов.

Ал бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ел Үкіметіне металдан құйылған су құбырларын полимерге ауыстыруды ұсынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар