Бектенов Өнеркәсіп министріне: металлургия саласына назар аударыңыз, қарқыны мәз емес

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевқа металлургия саласын ілгерілету керектігін айтып, міндет жүктеді.

Олжас Бектенов вегетациялық кезеңде су тәуекелдерін басқару жөніндегі өңірлік штабтар құруды тапсырды
Фото: Үкімет

- Құрметті Олжас Абайұлы! Министрлік жетекшілік ететін салаларда тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Негізгі назар жаңа өндірістерді іске қосуға, локализация деңгейін арттыруға және өңірлерде инвестициялық белсенділікті ынталандыруға бағытталады, - деді Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының есебінен кейін, Премьер-министр сөз алды.

- Металлургия саласына назар аударыңыз, қарқыны мәз емес, - деп қысқа қайырды Олжас Бектенов.

Министр өз кезегінде «қабылданды» деп үн қатты.

Айта кетсек, жыл басынан бері бюджет түсімі 106,4% орындалды

Ұлттық экономика министрінің мәлімдеуінше, 2026 жылы инфляция 10 пайыздан төмен болады. 

Соңғы жаңалықтар