Бекзад Нұрдәулетов ресейлік боксшыны қапы қалдырды
2019 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қатысушысы Бекзад Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) ресейлік боксшы Никита Зонды жеңді, деп хабарлайды Kazinform.

Нұрдәулетов пен Зон 80 келі салмақ дәрежесінде алты раундтық жекпе-жек өткізді. Үшінші раундта Бекзад қарсыласын нокдаунға түсірді.
Айқас қорытындысы бойынша бокс қазылары бірауыздан жеңісті қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді.
Еске салайық, бұған дейін бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түскенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан да кубалық былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңді.
Ал, құраманың үздігі Асланбек Шымбергенов мексикалық боксшы Хосе Мигель Боррегодан, Ерасыл Жақпеков нидерланд боксшысы Градус Клаустан жеңіліп қалды. Тағы бір отандасымыз Серік Теміржанов Сербия атынан сынға түскен боксшыға есе жіберді.