Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын қазақстандықтар жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.
None
None

Бүгін қазақстандық спортшылар арасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бірінші кездесуінде жеңіске жетті.

Бекзат Нұрдәулетов Оңтүстік Корея өкілі Хонг Ингиден басым түсті. Бес төреші де жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген.


Соңғы жаңалықтар