Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын.

Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК


Соңғы жаңалықтар