Бекзат Саттарханов атындағы бокстан халықаралық турнир басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнир басталды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталған турнирге Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан 200-ге жуық жас спортшылар қатысып отыр. Сонымен бірге, 13 салмақ дәрежесі бойынша өтетін бұл сайыстың ерекшелігі 3 салмақ дәрежесі бойынша қыздарымыз да бақ сынайтын болады.

Жыл сайын дәстүрге айналған халықаралық турнир биыл ерекше сән салтанатымен бастау алды. Ер Бекзаттың өміріндегі айтулы күндердің құрметіне орай, ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанаты Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің мәдениет сарайында өтті. Жастар арасындағы халықаралық сайысты ресми түрде облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков ашып, барлық спортшыларға сәттілік тіледі. Бұдан соң Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, олимпиада жеңімпаздары С.Сәпиев, Б.Сәрсекбаев ел алдында ыстық лебіздерін жеткізіп, Б.Саттархановтың ата-анасына сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Ашылу салтанатында тұңғыш олимпиада жеңімпазы Б.Саттархановқа арналған фильм көрсетіліп, белгілі айтыскер ақын Б.Шойбеков бастаған өнер жұлдыздары Қ.Нұртас, Б.Мұстафаев пен жергілікті өнерпаздардың ән жырымен жалғасты. Б.Саттарханов атындағы бокстан халықаралық турнир сәуірдің төртіне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар