Бельгия акциз және кеден қызметі делегациясы Ақтауда болды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 2-4 қазанда Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті басшылығының Бельгия Корольдігі акциз және кеден қызметі делегациясымен кездесуі болып өтті.
None
None

Бельгиялық делегация ретінде Антверпен теңіз порты кеденінің бастығы Роберт Бекс пен Халықаралық қатынастар басқармасының аға офицері Кристиан Верлент келді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық департамент басшысы Ә.А. Шөжеғұлов келген қонақтарды екі ел арасындағы сыртқы сауда негізгі нәтижелері жөнінде, шекарадағы ықпалдасқан бақылауды енгізу туралы, іргелес елдердің кедендік әкімшіліктерімен бірлескен бақылау жүргізу, кеден қызметін жаңарту бойынша жобаны жүзеге асыру жөнінде ақпараттандырды.

Өзара мүдде нәтижесінде, екі жақ екі елдің теңіз порттарының кеден саласында бірлескен ынтымақтастықтың маңыздылығын қуаттады, сондай-ақ Ақтау теңіз порты мен Антверпен кеден қызметі арасындағы ынтымақтастығының дамуын жаңа деңгейге шығаруға талаптарын білдіріп, нәтижесінде «Морпорт» және «Антверпен» кеден бекеттеріне достық-бекеттері мәртебесін беруге шешім қабылданды. Аталған мәртебе өзара қызметпен танысудың, тарихпен және қызметтік ақпаратпен алмасу үшін тұрақты достық қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осындай ынтымақтастық  арқылы кеден саласында жинақталған тәжірибе жөнінде ақпараттар және кеден органы өмірінен фотоматериалдар, кинофильмдер, қызметтік әдебиет, көрмелер, көркемөнер және спорттық ұжым, делегациямен алмасылып отырылады.

Жалпы алғанда кездесу екі елдің кеден қызметі арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ортақ талаптану мен түсіністік жағдайда өтті.

Келген қонақтар Ақтау халықаралық теңіз портында, Контрабандаға қарсы күрес басқармасы кинологиялық питомнигінде, сондай-ақ «Өткізу пункттерін мониторингтеу өңірлік» басқармасында, Батыс-аймақтық кеден зертханасы және Қазақстан Республикасының кеден қызметінің жұмысын тәжірибе жүзінде көрсеткен «Ақтау» кедендік ресімдеу орталығында болды.

Бельгиялық тарап қазақстан кеденшілерге шын ықыластарына, сындарлы ынтымақтастыққа ризашылығын білдіріп, Бельгия Корольдігі Антверпен портына келуге шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар