Бельгияда арықтау үшін диабетке қарсы дәрі-дәрмекті қолдану белең алды
Фламандтық VRT телеарнасы Ozempic препараты 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдарда қандағы қант деңгейін реттеуге арналған деп хабарлайды. Алайда, препарат қант диабеті жоқ, артық салмақтан арылғысы келетін адамдар арасында танымал.
Телеарнаның мәліметінше, қазір Бельгияда Ozempic-ке сұраныс айтарлықтай артқан, дәрілік препаратқа нағыз мұқтаж адамдардың өзіне оны дәріханадан табу қиынға соғып отыр.
Бельгиялық фармацевтердің дәрі-дәрмектің бар-жоғын тексеру үшін пайдаланатын жергілікті веб-сайтында препараттың 9 қыркүйекке дейін жоқ екендігі көрсетілген.
Диабет лигасының өкілі Люк Байс бұл дәрі-дәрмекті салмақ жоғалту үшін де қолдануға болатындығын атап өтті.
«Дәрі-дәрмектің тиімді екені туралы ғылыми дәлелдер бар, бірақ ол Бельгияда артық салмақтан арылу құралы саналмайды», - деді ол.
Бельгияның жалпы фармацевтика федерациясының қызметкері Майкл Сторме кейбір дәрігерлер Ozempic-ті салмақ жоғалтуға арналған дәрі ретінде тағайындайтынын айтты.