10:08, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бельгияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып қалды: 30-40 адам зардап шекті
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Бельгияда екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан 30-40 адам зардап шекті. Бұған дейінгі ақпараттарда 20 адамның зардап шеккені айтылған болатын. Екі жаралы ауруханаға түскен. Бельгиялық басылымдардың нақтылауынша, қалған зардап шеккендерге оқиға орнында көмек көрсетілген, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Теміржол апатының орнына Люксембург провинциясының губернаторы мен Арлон қаласының мэрі барды. Соқтығысардың алдында пойыздар баяу жылдамдықпен жүріп келе жатқандықтан, адам құрбандығының алды алынып отыр. Апаттың себебі анықталып жатыр. Алдын-ала деректер бойынша, пойыздың біреуі семафордың тыйым салған белгісіне қарамай өтіп кеткен.