Бельгияда коронавирусқа қарсы вакцинацияның жаңа кезеңі басталды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Биыл қыркүйек айында Бельгияда коронавирусқа қарсы жаңа вакцина егу науқаны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
None
None

Вакцинацияның негізгі бағыты 50 жастан асқан адамдарға, медицина қызметкерлеріне және халықтың осал топтарына бағытталады.

Бельгияның денсаулық сақтау органдары коронавирусқа қарсы жаңа науқан жазғы демалыстан кейін басталады деп шешті.

Бельгияның федералды денсаулық сақтау министрі Фрэнк Ванденбрук күзгі вакцинация науқаны жаппай болатынын, оған кемінде 4,7 миллион азамат қатысатынын мәлімдеді.

Бұл - 11,58 миллион Бельгия халқының жартысына жуығы.


Фото: vrt.be
Соңғы жаңалықтар