21:05, 12 Наурыз 2013 | GMT +5
Бельгияда толассыз жауған қар көлік қозғалысын бөгеді
БРЮССЕЛЬ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бельгияда жауған толассыз қар көлік қозғалысын бөгеді. Мол жауған ақ ұлпа қар бірқатар аудандарда көліктердің қозғалысына және қоғамдық көліктердің жұмысына кедергі келтіруде. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Түнде Бельгияда 25 сантиметрге дейін қар жауды. Жолдарда 1 637 метр қашықтыққа созылған кептелістер тіркелді. Полиция көптеген жол-көлік оқиғалары жөнінде хабарлауда.
Күре және тас жолдардың басым бөлігінде жағдай оңай емес, қалың қардың салдарынан көлік қозғалысының жылдамдығы сағатына 10-20 шақырымнан аспайды.