Бельгиялық компаниялар Қазақстанда бизнестерін дамытуға қызығушылықтарын танытуда

Шараны ұйымдастырушы Шығыс Фландрия Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Джилл Сьютенс атап өткендей, семинарды өткізу үшін ҚР, РФ және БР-ның таңдап алынуының негізгі себебі - бұл 2011 жылдан бастап бизнес үшін зор мүмкіндіктер ұсынатын Кеден одағының жұмыс істей бастауы. Сондай-ақ бұл мемлекеттердің экспорттық әлеуеті зор, бұған статистикалық мәліметтер дәлел.
«2011 жылы Фландрия Қазақстанға 129 млн. еуроға, Беларусьқа 287 млн. еуроға тауар экспорттады. Ресей фламандық экспорт үшін маңыздылығы бойынша 12-ші ел болып табылады. Сонымен қатар РФ жуырда Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді, бұл еуропалық импорттаушылар мен экспорттаушылар үшін зор мүмкіндіктер тудырады», - деді Дж.Сьютенс.
Өз кезегінде «Induss» компаниясының өкілі Иван Гейленкоттен: «Қазақстан бұл - барлық жағынан алып қарағанда ұлы әрі керемет мемлекет. Егерде бұл елде бизнеспен айналысуды қаласаңыздар, оны түсінген жөн», деп атап өтті.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан табиғи ресурстардың үлкен қорларын, экономика өсімінің жоғары қарқынын және шетелік инвесторлар үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктерді есепке алғанда шетелдік инвесторлар үшін тартымды мемлекет болып табылады.
Сондай-ақ И.Гейленкоттен ағымдағы жылдың қыркүйек айында қабылданған Бүкіләлемдік экономикалық форумның әлемдегі жалпы бәсекелестік бойынша Қазақстанға 51-ші орынды беру шешімін де атап өтті, соның арқасында біздің мемлекет 72-орыннан 15 позицияға жоғарылады.