Бельгиялық маман: Омикрон штамы Дельтаны басып озады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгия үкіметі жанындағы сараптама тобының мүшесі Ив Ван Латемнің бағалауы бойынша қазіргі уақытта Дельта және Омикрон штамдарының нұсқалары осы елде COVID-19 жұқтырғандарда тең дәрежеде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бельгиялық маман: Омикрон штамы Дельтаны басып озады

Бельгиялық БАҚ-қа берген сұхбатында сарапшы И.Латем Омикронның жаңа нұсқасы Дельтаны басып озып, елде басым нұсқаға айналатынын ескертеді.

Тағы бір маман Герт Моленберг те Жаңа жылға қарай жаңа нұсқа Бельгиядағы барлық жұқпалы аурулардың 90-95% құрайды деп күтеді.

«Қазіргі уақытта жалпы инфекция деңгейі төмендеуде, бірақ күнделікті көрсеткіштер бойынша айырмашылық азырақ», - деп атап өтті Г.Моленберг.

«Егер бұлай жалғаса берсе, уақыт өте келе инфекциялар шетелдерде болып жатқандай қайтадан өсе бастайды»,-дейді.

Шын мәнісінде Sciensano ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, Бельгияда COVID-19 пандемиясының көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. 15-21 желтоқсан аралығында тәулігіне орта есеппен 7011 тіркелген, бұл өткен аптамен салыстырғанда 36%-ға кем. Бельгия үкіметінің шешімімен Рождество қарсаңында мәдениет объектілерінің (театрлар, мұражайлар, кинотеатрлар) жұмысы тоқтатылып, бұқаралық спорттық шаралар кейінге қалдырылды.