«Беларусь 24» телеарнасы Қазақстан мен Ресейде хабар тарату аясын кеңейтуде
Телеарнаның Қазақстанда хабар таратуы аясын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 1 шілдедегі жағдай бойынша «Eurasia Media Distribution» ЖШС компаниясымен келісімшарт жасалды. Бұл компания Қазақстан территориясында 50-ден астам телеарнаның дистрибьюторы болып табылады және жалпы абоненттік базасы 300 мыңнан асатын 95 кабельдік операторлармен жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Беларусь 24» телеарнасының хабарларын Қазақстандағы ірі оператор желісі «Алма-ТВ» компаниясы арқылы тарату бойынша да келіссөздер жүргізілуде.
Ал 2015 жылдың 1 мамырынан бастап «Беларусь 24» телеарнасы ірі ресейлік «Ростелеком» электр байланысы операторының желісінде хабар таратады. Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде «Беларусь 24» телеарнасының Ресейдегі көрермендер аудиториясы 1 млн. 200 мың абоненттен астам көлемде ұлғайды. Белтелерадиокомпания әлемдегі бірден-бір беларусьтік халықаралық «Беларусь 24» жерсеріктік телеарнасының хабар тарату аясын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.