Беларусь ЭКСПО-2017 көрмесіне Астана инфрақұрылымын дамыту жобаларына қатысуға ниетті

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Беларусь ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық кезеңінде Астана қаласының инфрақұрылымын дамыту жобаларына қатысуға ниетті. Бұл туралы БЕЛТА тілшісіне Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Олег Морозов мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, қазақстандық тарап түрлі салалардағы, оның ішінде туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы бойынша беларусь тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып отыр. «Атап айтқанда, Қазақстан тәжірибе жүзінде қазірдің өзінде құрылыстағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру аясында біздің тәжірибемізді пайдалануда. Құрылыс саласына беларусь технологиясын тартуға байланысты үлкен қызығушылық бар. Құрылыс материалдарын шығаруға байланысты ортақ кәсіпорын құруға байланысты келіссөздер жүргізілуде», - деді Олег Морозов.

Өз кезегінде Беларусь елі де ЭКСПО-2017-ге дайындық кезеңінде Астананың инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысуға қызығушылық танытып отыр. «Қазақстанда ұйымдастыру жағынан жұмыстар енді басталып жатыр. Жұмыс басын үйлестіретін, жоба идеялары мен концепцияларын таңдайтын бас мердігерлерді іріктеуге дайындық жүргізетін ұлттық компания жуырда ғана құрылды. Жауапты адамдар да белгіленді, - деп атап өтті дипломат. - Бұдан кейін ұлттық үкіметтермен жұмыс істеу басталады. Беларусь елінің де қатысуына мүмкіндік болады деп ойлаймын. Тиісті ұсыныстарды дипломатиялық арналар арқылы Қазақстанның үкіметіне жіберіп қойдық. Олар қазір қарастыруда».

Соңғы жаңалықтар
Референдум