Беларусь «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға дайындық бойынша ұлттық үйлестірушісін бекітті
Сұхбаттастар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ТМД мен ЕАЭО шеңберіңде ықпалдастықты тереңдетудің қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алмасып, сондай-ақ Беларусьте өтетін екі ел үкімет басшыларының қатысуымен алдағы іс-шараларына және Қазақстан-Белорусь үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті 12-ші отырысын дайындық мәселелерін талқылады.
Е. Бөлегенов сұхбаттасын еліміздің ағымдағы өзекті саяси мен әлеуметтік-экономикалық оқиғалармен, соның ішінде Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің қорытындыларымен таныстырды, сондай-ақ биыл Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатынын айтып өтті.
Қазақстан Елшісі қазіргі заманғы Қазақстанның кең көлемді трансформациясын жүзеге асыруды көздейтін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық барысына тоқталып, өзінің қатысуын алғашқылардың бірі болып растаған беларусь тарапына алғысын білдірді.
Беларусь Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің нық қалыптасуы мен дамуындағы рөлін, ЕАЭО құрылуы мен қызметі жөніндегі оның стратегиялық идеясының жүзеге асырылуындағы ерең еңбегін атап өтті. Ол, сонымен бірге, беларусь тарапының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға дайындығы бойынша ұлттық үйлестіруші ретінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Юрьевич Михневичті бекіту туралы шешім қабылданғандығын айтты.