Беларусь елі ҚазАТУ-ге оқу-әдістемелік техниканы тапсырды

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Елшілігі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқытуға арналған «Белорус-80Х» тракторының макетін тапсырды.
None
None

«Бұл өз кезегінде осы техника жайында тыңғылықты білуге мүмкіндік береді. Себебі, ол бүгінде еліміздің көптеген шаруашылықтарында пайдаланылып келеді. Сонымен қатар Семейдегі бірлескен кәсіпорында «Беларус» тракторының бірнеше түрлері бойынша жылына 700 данасы шығарылады. Осы орайда жұмыс орындарыңызға келгенде бүгінде өзін жақсы жағынан көрсеткен бұл техника жайында жетік білетін боласыздар деген ойдамын», - деді аталған табыстау рәсімі барысында Қазақстан-Беларусь үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының төрағасы, ҚР ТЖМ басшысы Владимир Божко.

Сонымен қатар министр осы тектес оқу-әдістемелік құралдарды жоғары оқу орындарына жеткізу бойынша ынтымақтастық бағыты жалғасын табатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде университет ректоры Ақылбек Күрішбаев соңғы екі жылда Беларусь елінің оқу орындарында 33 студент бірлескен оқытудан, 19 магистрант ғылыми тағылымдамадан, сондай-ақ 10 оқытушы біліктілігін арттыру курстарынан өткендігін атап өтті. Оның айтуынша, ҚазАТУ жанында машина сынағы стансасы құрылмақ.

Соңғы жаңалықтар