Беларусь елінде орыс баспасөзінің конгресі өтіп жатыр

Бүгін 15 шілдеге дейін жалғасатын ХІХ Дүниежүзілік «Болашақ үшін серіктесік: қазіргі өркениеттің артықшылықтары» орыс баспасөзінің конгресінің қатысушылары Минскіге келеді. Шараның негізгі бөлімі 12 шілде күні Минскіде өтетін пленарлық отырыс болмақ. Салтанатты түрде ашылғаннан кейін, «Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер: егемендік, бірігу, жаһандану» және «Цифрлық революция жағдайындағы БАҚ» атты екі панельді сессия өтеді деп жоспарлануда.
Беларусь еліндегі форум 52 мемлекеттен келген БАҚ өкілдерінің басын қосты. Мемлекет бұл конгресті осымен екінші рет өткізгелі отыр, 15-інші отырыс дәл осы алаңда 2013 жылы өткізілген болатын.
1999 жылдың 24 шілдесінде құрылған Орыс баспасөзінің дүниежүзілік қауымдастығы - баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары, агенттіктер, редакциялар, телевизиялық және радиобағдарламалардың ашық халықаралық үкіметтік емес ұйымы. Орыс баспасөзінің дүниежүзілік қауымдастығы кеңесінің мәліметінше, қазіргі уақытта әлемнің 70-тен астам елдерінде орыс тіліндегі журнал, газет, басылымдар, радио және телебағдарламалар шығарылады.