Беларусь елінің делегациясы Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында болды (ФОТО)

Беларусь делегациясын Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов басқарды.
Отырыс барысында ғарыш саласында екі жаққа да пайдалы болатын ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Беларусьтік тарап Қазақстанның ғарыш саласындағы зерттеулеріне және ғарыш байланысы жүйесін құру бойынша «Қазғарыш» қызметіне, сонымен қатар өзінің қашықтықтан зондтау жүйесі құруына және спутниктік байланыстың аса дәлдігіне жоғары баға берді. Қонақтар Ұлттық ғарыш орталығында болып, онда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин оларды Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесінің жерүстілік кешенінің және жоғары дәлдікті жерсеріктік навигация орталығының жұмысымен таныстырды. Бүгінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану және зерттеу саласында ынтымақтастық туралы Келісім жобасына қол қоюға дайындық жұмыстары аяқталды. 2015 жылдың екінші жартыжылдығында аталған Келісімге қол қою көзделген. Жұмыс тобының келесі жиынын 2015 жылдың екінші жартыжылдығында Минск қаласында өткізу жоспарланған.