Беларусь Еуроодақпен шекарада қазақстандық астық үшін логистикалық орталық салуға дайын - А.Лукашенко

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь Еуроодақпен шекарада қазақстандық астық үшін логистикалық орталық салуға дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесіп өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

«Беларусь Бірыңғай экономикалық кеңістіктің іске қосылуымен әлеуеті айтарлықтай өсе түсетін көлік және логистика салаларында Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты дамытуға зор мән береді. Бірлескен жоспарда еуропалық және азиялық тұтынушыларға беларусьтық және қазақстандық тауарлар үшін логистикалық орталық құру бар. Біз өзіміз-ақ Еуродақпен шекарада сіздердің тауарларыңызға, әсіресе, Еуропалық одаққа сату үшін астық және осы астықтан өндірілген тауарларға арналған логистикалық орталық салуға дайынбыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар